Аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтің қатысуымен ауданда жыл бойы атқарылған қайырымдылық шаралары бойынша жиын өтті. Меценаттар, жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындар, жеке тұлғалардың демеушілігімен атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», – деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді.
Мәселен, Ұлыстың ұлы күні, Қарттар күні, Республика күні мерекелерінде аз қамтылған 100-ден аса отбасыға азық-түлік себеті, «Құрбан айт» мерекесінде 2 түйе, 20 ірі қара, 332 ұсақ малдың еті әлеуметтік жағдай төмен 1750 адамға, «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында 723 балаға 14 млн теңгеге жуық мектепке қажетті түрлі жабдықтары мен мектеп формалары алынып берілді.
Сонымен бірге, «Асар» жобасы соңғы жылдары қарқынды жүзеге асып, баспанасыз жүрген талай отбасыға қуаныш сыйлауда, жыл басынан бері 6 отбасы баспанамен қамтылып, жыл соңына дейін 5 үй беріледі.
«Мейірім», «Жомарт түлек», «Жомарт жүрек» жобалары аясында да атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды.
Аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы орынбасарларға өз салалары бойынша нақты тапсырмалар беріп, аудандағы меценаттармен жұмысты бұдан әрі жандандыру керектігін жеткізді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі