ТУҒАН КҮНІНДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

115
Сайлауға алғаш рет қатысып отырған 18 жастағы ауыл жастары да дауыс беруге асығып келді. Жастар дауыс беруге үлкен жауапкершілікпен қарады және дұрыс таңдау жасағандарына сенімді.
Солардың бірі, бүгін 18 жасқа толып отырған Фархат Есенәлиев Өндіріс ауылында орналасқан №374 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады.
Туған күн иесі әрбір патриот өз елінің болашағы үшін дауыс беруі керектігін атап өтті: – Мен сайлауға бірінші рет қатысып отырмын, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен өз мақсаттарыма жету үшін, жарқын болашағым үшін дауыс беремін. Әсіресе бірінші рет дауыс беретіндер үшін тосын сыйлар ұйымдастырды. Мұндай сыйлықтарды алу өте қуанышты, маған бұл күн мәңгі есте қалады, – деп Фархат өз әсерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.