Топтық кездесу өткізілді

60

РММ №25 түзеу мекемесінде сотталған азаматтармен теологиялық оңалту жұмыстары ҚР ІІМ №247 бұйрығына сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде.
Жуырда №25 түзеу мекеменің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторлары – әділет капитаны Ж. Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтың ұйымдастыруымен топтық кездесу жүзеге асты. Жамбыл облысы бойынша Дін істері басқармасының инспектор теологтары Мурзахметов Исламбек және Култаев Сержан топтық кездесуді өткізді. Кездесу барысында жазасын өтеушілерге «Дәстүрлі ислам» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Олар өз сөзінде: «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді және де дәстүрдің қатар жүруі заңдылық.
Сондықтан «әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», – деді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жалпы мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.
Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.