ТӨМЕНГІ ШУ БОЙЫНДАҒЫ ШАБЫТҚА ТОЛЫ ШАРА

145
Аудан орталығынан шалғайда , төменгі Шу бойында орналасқан Қамқалы ауылдық округі іргелі аймақтың бірі.
Бұл округке Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдары кіреді.
Бұл аймақта жақсы істер жетерлік. Ауылдардың ажары, жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Өркениетке бой түзеген өңірдің өрісі малға толған.
Өткен бейсенбі күні осы округтегі Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарында балалардың жазғы демалысына арналған аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің гастрольдік концерттік бағдарламасы өтті.
Аудан өнерпаздары әуелете ән салып, мың бұрала би биледі. Тақырыпқа арналған театрландырылған көріністер мен аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Балдәурен» қуыршақ театрының ертегі қойылымдары көрсетілді.
Шара барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері көрермендерге викториналық ойындар ойнатып, жеңімпаздарды марапаттады.
Төменгі Шу бойында өткен шалқар шабытқа толы шарада өнерпаздар көпшілікке тамаша көңіл күй сыйлады.
Осы күні аудан жастарының ұйымдастыруымен Шығанақ ауылында жастар арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.