«Тоқаев пен Мирзиеев келді»: Путин туған күнін қалай атап өткенін айтты

71

Фото: ТАСС

Ресей президентінің айтуынша, ол туған күнінде Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен түскі ас ішкен.

7 қазанда Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізу бойынша жоба өз жұмысын бастады. Бұл күн Ресей президенті Путиннің туған күнімен тұспа-тұс келді.

“Әріптестерім келді, Қасым-Жомарт Кемелұлы және Шавкат Миромонұлы, біз жұмыс істедік, бұл әдейі бұл күнге ойластырылған оқиға емес, біз бұл жоба үшін көптен бері жұмыс істеп келеміз. Олар 7 қазан күні түскі асқа қалды, біз үшеуміз отырдық, үшеуміз болдық», – деді Путин.

Еске салсақ, бұған дейін президент Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барып, Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсіміне қатысқаны туралы жазған болатынбыз.

https://stan.kz/putin-tugan-kunin-kalay-atap-otkeni-turali-aytti-389650/

Leave A Reply

Your email address will not be published.