Тоқаев Еурокомиссияның Президентімен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді

70

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тоқаев Еурокомиссияның Президентімен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді

Leave A Reply

Your email address will not be published.