Тоқаев бірнеше адам әлеуметтік көмек алатын отбасыларды сынға алды

36

Президент үкіметтің азаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін қайта қарауы керек екенін алға тартты.

“Осыңан байланысты тиісті тапсырма берілді. Мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтар алуға тиіс. Алайда кейбір ауылдық жерде бір отбасыдан бірнеше адам атаулы әлеуметтік көмек алатын жағдайлар жиі кездеседі. Өкінішке қарай ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Себебі мемлекеттен түсетін жәрдемге сенеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Түптеп келгенде, мұндай әрекет әлеуметтік масылдықты туғызып отыр”, – деді Тоқаев.



Еске салсақ, президент бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмау керек екенін айтқан еді.

фото:https://stan.kz/atauli-aleumettik-komekti-shin-myktazhdar-alui-kerek-me-409663/

Leave A Reply

Your email address will not be published.