Тоғжанов Астана медицина университетінің құрметті профессоры атанды

95

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановқа «Астана медицина университетінің құрметті профессоры» дипломы табыс етілді деп хабарлады turkystan.kz.

«Біз бәріміз Ералы Лұқпанұлын мемлекеттік қайраткер ретінде білеміз, бірақ оның көп жылдар бойы академиялық ортада жұмыс істегенін және жоғары оқу орындарының қызметімен жақсы таныс екенін көпшілік біле бермейді. Ол саясаттану ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, бірқатар ғылыми жарияланымдары бар. Ералы Тоғжанов Астана медицина университетін дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуге және ЖОО-ны зерттеу университетіне айналдыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге мүмкіндік берді», – деді университет ректоры Камалжан Надыров.

Биыл Ералы Тоғжановтың қолдауымен медицина қызметкерлерінің имиджін арттыру мақсатында алғаш рет Astana Opera-да Астана медицина университетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді.

«Премьер-министрдің орынбасары лауазымында Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарды. Ел үшін ең дағдарысты кезеңде бұл комиссия жедел түрде жауапты шешімдер қабылдады және дәрігерлер мен басқа қызметтерге пандемияға тиімді қарсы тұруға атсалысты. Ералы Лұқпанұлы халықтың денсаулығына ерекше көңіл бөледі. Кездесу барысында Біз Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын жақсартуға байланысты мәселелерді талқыладық. Облыс әкімі тәуекел факторларын, оның ішінде Ақтөбе облысы халқының денсаулығына әсер ететін экологиялық аспектілерді зерделеуге бағытталған зерттеулер жүргізуге келісім білдірді. Жақын арада біз облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар жобаларды талқылауға кірісеміз», – деді Камалжан Надыров.

«Құрметті профессор» атағын тағайындау туралы шешім университеттің жоғары алқалы органы – Ғылыми кеңестің шешімімен қабылданады.

Айта кетейік, «Астана медицина университетінің құрметті профессоры» атағы университеттің беделі мен танылуына үлес қосқан педагогтар мен ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, университетпен тығыз ғылыми және оқу-әдістемелік байланысы бар және білім-ғылымның, денсаулық сақтаудың дамуына үлес қосқан қоғамдық және саяси қайраткерлерге де беріледі.

https://turkystan.kz/article/206225-togzhanov-astana-meditsina-universitetinin-kurmetti-professory-atandy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.