«Тік ішегін жыртып жіберген»: Алматы облысында 60 жастағы ер адам жеті жастағы баланы зорлады деген күдікке ілінді

76

Қазір бала ауруханада жатыр. Ата-аналардың айтуынша, бұған дейін де зорлық-зомбылық әрекеті болған, бірақ жергілікті тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбаған.

Полицияның хабарлауынша, 60 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 121 бабының (“Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”) 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары бойынша полиция қызметкерлері 1963 жылғы М. есімді күдікті азаматты анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық тергеуде оның толықтылығын, жан-жақтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жасалуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабы (“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу”) шеңберінде жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.

https://stan.kz/almati-oblisinda-60-zhastagi-erkek-7-zhastagi-yldi-zorl-390658/

Leave A Reply

Your email address will not be published.