«Тиімді ме?»: Испания төрт күндік жұмыс аптасына эксперимент жасады

87

Испанияның Валенсия қаласында 10 сәуірден бастап төрт күндік жұмыс аптасына ауысу эксперименті басталды деп хабарлады turkystan.kz Noticia.ru-ға сілтеме жасап.

«Валенсия 32 сағаттық жұмыс аптасы бойынша пилоттық айлық жобаны жүзеге асыратын әлемдегі алғашқы қала болады», – деп хабарлады 700 мыңнан астам халқы бар қала әкімдігі.

Эксперимент 7 мамырға дейін созылады. Бір ай бойы қала тұрғындары сенбі мен жексенбідегі дәстүрлі демалыс күндерінен басқа дүйсенбіде – 10, 17 және 24 сәуірде, сондай-ақ 1 мамырда жұмыс істемейді.

Билік эксперименттің қала экономикасына, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына қалай әсер ететінін зерттейді және экспериментті жалғастыру керек пе, жоқ па, соны да шешеді. Қалалық әкімдік шілде айында зерттеу нәтижелерін жариялауға уәде берген.

Қала мэрі Жоан Рибо Валенсия инновацияға қатысты барлық мәселеде еуропалық көшбасшылардың бірі болып саналатынын еске салды.  «Біз адамдардың жұмыс істеу үшін емес, өмір сүру үшін жұмыс істегенін қалаймыз», – деді ол.

https://turkystan.kz/article/219515-tiimdi-me-ispaniya-tort-kundik-zhumys-aptasyna-eksperiment-zhasady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.