Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

92
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында комиссияның жастардың арасында радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу, алдын алуға бағытталған жұмыстардың жай-күйі, туындаған проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Террористік сипаттағы қылмыстар үшін түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарының ағымдағы жай-күйіне талдау жасалды. Сондай-ақ, радикалды ортаға қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың түсу жағдайларын жою жөніндегі шаралар қаралды. Отырыс нәтижесі бойынша қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.