Терезеден аяғын шығарып көлік айдаған тұрғын видеоға түсіп қалды

62

Бурабай-Нұр-Сұлтан тасжолында жүргізушінің қауіпті отырысы видеоға түсіп қалды. Ол терезеден аяғын шығарып отырған, ал алдыңғы жолаушы орындығында бала болған деп хабарлады turkystan.kz.

Осы оқиғаға қатысты суреттер мен видеолар instagram-public astana_sergek_kaz сайтында жарияланды. Мұндай жағдай 7 тамыз күні сағат 14:20 шамасында Бурабай-Нұр-Сұлтан тасжолында болғаны анықталды.

Облыстық Полиция департаменті Zakon.kz редакциясының сауалына жауап беріп, іс тексеріліп жатқанын жеткізді.

«Бұл бейне тексерілді. Полицейлер көліктің жүргізушісін анықтады. Ол – 1998 жылы туған Қарағанды ​​облысының тұрғыны. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін іс қозғалды», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.