Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД 158/5 мекемесінің медициналық сауықтыру пункті елімізде коронавирустың өршуіне және сотталған азаматтардың мекемеден тыс орындарға шығарылуларына тиым салынғанына байланысты Садыхан облыстық консультативті- диагностикалық медицина орталығының мамандарымен (терапевт- дәрігер) бірлесе отырып, денсаулықтарына шағымдары бар сотталған азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында маман кеңесіне жүгінген жазасын өтеуші азаматтар денсаулықтарына байланысты мазалап жүрген сұрақтарын қойып, дәрігердің тағайындауларын алды. Бұдан әрі емделушілердің емдомдарын мекеменің медицина қызметкерлері жалғастырмақ.
Алтынай Аубакирова,
ЖД-158/5 мекемесі медициналық-сауықтыру пунктінің қызметкері