Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын.
Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты.
Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші бапкер ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстан ерлер құрамасын басқарады.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев кадрлық өзгеріске қатысты пікірін білдірді.
«Ұлттық әйелдер құрамасында түбегейлі ештеңе өзгертіп жатқан жоқпыз. Бұрын әйелдер құрамасында Юрий бапкер, Ярослава капитан еді. Енді керісінше Щукин басшылық тізгінді қолға алып, Шведова оған жәрдемдесетін болады. Былайша айтқанда, кадрлар орнын ауыстырды, бұл құраманың биылғы маусымда табысты өнер көрсететініне септеседі деп үміттенеміз», – деді Досқараев.
https://turkystan.kz/article/240610-tennisten-aza-stan-yelder-ramasyny-kapitany-auysty