Қаржы министрлігі мұндай шараның тұрғындардың денсаулығы үшін қолға алынғанын айтады.
1 шілдеден бастап ең арзан темекі 820 теңгеден сатылады. Бұл қазіргі бағадан 50 теңгеге қымбат. Мұндай бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланды.
Қаржы министрлігі мұндай шараның тұрғындардың денсаулығы үшін қолға алынғанын айтады.
Соңғы жарты жылдың өзінде шылымның бағасы 16 пайыздан 18,8 пайызға дейін өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында темекі мен папиростың бағасы 53,4 пайызға артқан.
Алайда темекі бағасы қымбаттағанымен оған тәуелділердің саны азаймай отыр. Былтыр папиростың ішкі нарықтағы көлемі 62 пайызға көбейген. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында қазақстандықтар шылымға 5,7 миллиард теңге жұмсаған.
Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес, 2023 жылы 29 бен 39 жастағы азаматтардың арасында шылым шегетіндер көбейген. Жалпы, елімізде әрбір бесінші адам темекі тартады.
https://turkystan.kz/article/244574-temeki-bagasy-kymbattaidy