Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облысымызда «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде. Аталған акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атауға ие болды. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған.
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» тарихи мәдени ескерткіштерді тазалық апталығында «Тектұрмас» кесенесінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық апталығында кесене ауласына ағаш көшеттері отырғызылды.
Шараға шаһардың белсенді жастары, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері атсалысты.
Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.