Тек қолма-қол ақша сұраған саудагерлерге 150 мың теңге айыппұл салынады

68

Smart News басылымының хабарлауынша, кәсіпкер қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе, тұтынушы шағымдана алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер агенттігі айтты. «Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту — заңсыз. Бұл тұтынушылардың құқығын бұзады. Өйткені «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормаларына сәйкес, тұтынушы банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен төлем жасай алады. Кәсіпкерлердің төлем картасын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту деректері бойынша тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады», — делінген хабарламада.

 

smi24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.