Тегін кеңес беру алаңы ұйымдастырылды

369

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының бірлесіп ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарының аумағында ақпараттық кеңес беру алаңы жұмыс жасады. Шара барысында мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізілді. Кеңес беру алаңында жастар мен жергілікті тұрғындар өздерін мазалаған сұраққа жауап ала алды.

Кеңес беру алаңына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, Еңбек инспекциясы, экономика және бюджеттік жоспарлау, дін істері, жер қатынастары басқармалары мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, мемлекеттік кірістер, облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, «Жас Отан» Жастар қанаты, кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры өкілдері шақырылды.

Алдағы уақытта «Кеңес беру алаңы» жобасы тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.