Тегін азық-түлік үшін болған төбелестен 12 адам қаза тапты

165

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында тегін азық-түлік таратылған кезде төбелес болып, 12 адам қаза болды деп хабарлады naq.kz  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Рамазан айында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында болған.

Полицияның мәліметінше, төбелес кезінде 40 пен 80 жас аралығындағы тоғыз әйел мен 10 мен 15 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.

Зауыт директорын қосқанда сегіз адам қамауға алынды.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жиналған жұртты үрей билеп, кейбір әйелдер мен балалар ашық канализацияға түсіп кеткен.

Тегін азық-түлік үшін болған төбелестен 12 адам қаза тапты

«Зауыт басшылығы зауыттың ішкі қақпасын ашпаған, көше тар болғандықтан, кезектің соңында тұрған адамдар қарт әйелдер мен балаларды итеріп жіберген», – дейді полиция.

Leave A Reply

Your email address will not be published.