Тазалық жұмыстарына баса мән беру керек

66
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі қала әкімі №6 аумақтық округінің тазалық жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда мұнда қатты желден кейін пайда болған күл-қоқыстарды, тал бұтақтарын тазалау жұмыстары жалғасуда. Округті аралаған шаһар басшысы тазалық жұмыстарына баса мән беру керектігін жеткізді.Нет описания фото.
– Тараз – облыс орталығының айнасы. Сондықтан оның тазалығына айрықша назар аударуымыз керек. Әсіресе, тұрғындармен бірлесіп аулалардың да айнадай жарқырауын естен шығармағанымыз жөн. Себебі күл-қоқыстан шығатын жағымсыз иіс тұрғындарға қолайсыздық тудырып ғана қоймай, экологияға да зор зиянын тигізеді. Бұл тұрғыда «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары мен техникаларын тартуымыз тиіс. Бұл барлық округке қатысты. Алдағы уақытта оларды да аралап, тазалық жұмыстарының барысымен жіті танысамын, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Бұдан кейін шаһар басшысы «Көне Тараз» кешенінің аумағындағы тазалық жұмыстарымен танысты.Возможно, это изображение 5 человек и текст
Келесі кезекте қала әкімі «Ұлы дала» ықшамауданына ат басын бұрды. Мұнда қазір сорғы станциясының құрылысы жүргізілуде. Қыстың қытымыр аязы салдарынан «Ұлы дала» ықшамауданында бірқатар тұрғын үйлерде жылу температурасы төмендеп, тұрғындар тарапынан шағымдар түскен болатын. Енді осы мәселені түбегейл шешу үшін аталған ықшамауданда сорғы станциясы салынуда.
Бұл станцияның тұрғындардың қолайлы тұрмыс кешуі үшін аса маңызды екенін баса айтқан шаһар басшысы құрылыс сапасына айрықша мән беру керектігін жеткізді.
«Строй Монтаж Group» ЖШС мердігерлігі жүргізіп жатқан сорғы станциясының құрылысы басында қазір жиырмаға жуық адам еңбек етуде.
Айта кетейік, қазір «Ұлы дала» ықшамауданында 33 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Осы үйлер пайдалануға берілген уақытта сорғы станциясы тұрғындарды жылумен қамтуға үлкен септігін тигізеді.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.