«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ДӘСТҮРГЕ  АЙНАЛДЫ

71

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты республикалық экологиялық акциясының аясында, Меркі ауданында 2-қазан күні, сағат 10-00-де Аспара ауылдық округінде де сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында ауыл көшелерінің бойындағы және ауыл саябағы аумағындағы шөптер шабылып, тазалық жұмыстары жүргізлді. Талдардың түбі қопсытылып, ақталып, суару жұмыстары жүргізілді.

– Бүгін Аспара ауылы  аумағына сенбілік жасалды. Бұл шараға ауыл жастары, ауыл тұрғындары және қызметкерлер де белсенділікпен атсалысты. Әрине, бұл қауантарлық жағдай. Осындай туған өлкемізді таза ұстауға барлығының қолдау көрсетіп жатқаны – бұл аудан тұрғындарының елге, жерге деген сүйіспеншілігі деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы дер кезінде көтерді деп ойлаймын. Өйткені, бұл акция дереу жалпықазақстандық сипатта көрініс тауып, міне, көктемнен бері барлық ауылда тұрақты тұрде тазалық жұмыстары  ұйымдастырылып, туған өлкеміздің ажары арта түсті, – дейді Аспара ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Жарылқасын  Байжуманов.

Сенбілік жұмыстарына ауыл жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері жалпы 25 адам қатысты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.