Тәуелсіздік күніне орай мәдени-спорттық шаралар өткізілді

33

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемеде сотталғандар арасында мәдение-спорттық шара өтті. Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Жазасын өтеушілер тоғызқұмалақ, шахматтан өткен жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, ой ұшқырлығын танытты. Ақыл-ой аламанына қатысқан сотталғандар ойын тақтасы басында ойлау қабілеттері мен стратегиялық біліктерін сынға салды. Қызу да тартысты өткен жарыс барысында олар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бір-бірінен кем түспейтіндерін анық аңғартты. Десе де, «ойын тақтасындағы соғыс» барысында шын мықтылар іріктеліп шықты.

Сонымен қатар жазасын өтеушілер мерекеге орай қабырға газетін дайындады.

Өткізілген шара қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталғандар мекеме бастығының грамоталарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.