ТАУ КӨШКІНІНЕН КЕЙІН КӨЛСАЙҒА АПАРАТЫН КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

949

Ағымдағы жылдың сәуір айында елеулі тау көшкінінің салдарынан уақытша жабылған “Көкпек-Кеген-Көлсай” автожолы қалпына келтірілді. Бұл туралы “Zhambylnews” AA  хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«24 мамырдағы ахуал бойынша “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ және “Қазақавтожол” ЖШС, сондай-ақ “Казселқорғау” АҚ аумақтық бөлімшесінің күшімен уақытша айналып өту жолы арқылы автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді»,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында тау көшкінінің салдарынан Алматы облысы, Кеген ауданының Саты ауылдық округіне, “Көкпек-Кеген-Жалаңаш-Саты-Құрметі-Көлсай көлдері бағыты” республикалық маңызы бар автожолының Экологиялық бекет – Көлсай қорығы телімінде автокөлік қозғалысы үзілген болатын.

Нысанды арнайы комиссия тексергеннен кейін Алматы облысының Кеген ауданы әкімі басшылық еткен жергілікті атқарушы орган, тапсырыс беруші – “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ және “Қазақавтожол” ЖШС Алматы облыстық филиалдары бірлесе отырып, Көлсай өзені арқылы темірбетон элементтерінен (шығыршық құралы, арқалықтар, плиталар) жасанды су өткізу құрылысын орнатып, құрастыру арқылы қиыршық тас нұсқасындағы уақытша айналып өту жолын салу туралы шешім қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.