Ташкенттегі жойқын жарылыстан бір адам қаза тауып, 163 адам жараланды

76

Ташкенттегі қоймада болған жарылыс пен өрттен бір жасөспірім қаза тауып, 163 адам жараланды

Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Зардап шеккендердің ішінде Республикалық шұғыл медициналық жәрдем орталығы мен оның Ташкент облысы бойынша филиалына, Ташкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына, №1 қалалық перзентханаға, республикалық және қалалық клиникалық ауруханаларға 24 адам жатқызылды», — делінген хабарламада.

Қалған 138 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Бұған дейін Ташкент әуежайы маңында алапат жарылыс болғанын жазған болатынбыз.

 

https://turkystan.kz/article/234133-tashkenttegi-zhoy-yn-zharylystan-bir-adam-aza-tauyp-163-adam-zharalandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.