ТАРТЫСҚА ТОЛЫ ТУРНИР

175
Қаратау қаласының Орталық стадионда мемлекет жəне қоғам қайраткері Шəріп Омаровты еске алуға арналған футболдан республикалық турнир өтті.
2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, өзара бақ сынады. Жарысқа Қызылорда облысы, Шымкент, Тараз қаласымен қатар, Байзақ, Сарысу аудандары, Қаратау қаласы мен Талас ауданы Бостандық ауылы және Жамбыл ауданы Шайқорық ауылынан келген жас спортшылар бақ сынады.
Төрт күнге созылған турнир қорытындысы бойынша 2008 жылы туылған жасөспірім командалар арасында 1-орынды Шымкент қаласы, 2-орынды Қаратау қаласы, 3-орынды Қызылорда облысынан келген «Тереңөзек» командасы иеленді. Ал, 2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Шымкенттіктер жеңімпаз атанса, Тараз қаласынан келген жас аяқдопшылар екінші орынға тұрақтады. 3-орын алаң иелеріне бұйырды.
Турнирдің жабылу салтанатына арнайы келген спорт ардагерлері жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жəне үздік ойыншыларға ақ тілегін білдіріп, кубок, медаль, дипломдарды табыс етті.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.