ТӘРТІПТІ ЖАСТАР — ЕЛ АЙНАСЫ

42
Жастарды қоғамның қозғаушы күші десек, сол қозғаушы күштің болашаққа нық сеніммен қарауы үшін дұрыс тәрбие мен бағыт — бағдар керек. Себебі үлгілі жастардан күтетін үміт мол.
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында бүгін Арыстанды ауылында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Данияр Кемелхан, өзге ұлт өкілдері, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Шара барысында жастар тәрбиесіне қатысты бірқатар ойлар айтылды. Оқушыларға тәрбие беруде ата — аналардың рөлі айқын болуы қажет. Ырым — тыйымдарды білген жастар ұрпақтар сабақтастығына жалғай алмақ.
Кездесу соңында жастардың флешмоб билеп, барлық жастарды тәртіпті болуға шақырды. Сондай- ақ, сұрақтарын қойып, бірқатар ұсыныс — пікірлер айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.