Тәртіп бұзушылықтар тақырыбы жан-жақты талқыланды.

78

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысы Қордай ауданында өтті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы С.Сәлемов төрағалық етті. Облыстық және Қордай аудандық комиссия мүшелері, прокуратура, полиция қызметкерлері, білім бөлімі мен білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, бейнебайланыс арқылы Тараз қаласы мен аудандардың комиссия мүшелері қатысты.
Басқосу барысында аудандағы жасөспірімдер арасында орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар, тәртіп бұзушылықтар тақырыбы жан-жақты талқыланды.
Жиында Қордай аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрайымы Д.Сүгірбайдың баяндамасы тыңдалды.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшысы А.Алметов кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша есепті кезеңде атқарылған жұмыстарын баяндады.
Бұдан бөлек облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Қ.Салықбаева Қордай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жұмыс тобының қорытындысын оқып таныстырып, аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасындағы кемшіліктерге тоқталып өтті.

Кемшіліктер бойынша Қордай ауданындағы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту қажет екені баса айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.