«Тарихи сананы жаңғырту» тақырыбында жиын өтті

178

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі және Қарасу ауылдық округтарының ауылдық клубтарында және аудандық «Жастар орталығы» ғимаратының мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бағдарламалық мақаланың арнайы жобаларын түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Данияр Өмірбеков және «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы Олжабаев Асхат  шақырылып қатыстырылды. Іс-шара барысында бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғалып, бағдарламаның толық жүзеге асуы үшін әлі де атқарылуы қажет қомақты жұмыстар түсіндірілді. Д.Маратұлы іс-шара қатысушылары тарапынан қойылған сұрақтарына толық әрі тиянақты жауап қатып, тұсіндіріп өтті.

Іс-шаралар барлық санитарлық шектеулерді негізге алу арқылы, арақашықты сақтай отырып қатысушылардың толық медициналық маскада қатысуын қамтамасыз етіп өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.