«Тарих пен тағылым ұланымын»

122

Бүгін 25 қазан – Республика күніне орай ХалықатарлықТараз инновациялық иниститутының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен TEDx форматта «Тарих пен тағылым ұланымын» тақырыбында Саналы TALKS интеллектуалды кеші өтті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты У.Болатбек, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Д.Өмірбеков, Жамбыл ауданы, Антон Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, әдебиет зерттеушісі С.Жұмабекқызы және оқу орнының Студенттік ректораты мен белсенді жастары қатысты.

Шара барысында Тәуелсіздіктің құндылықтары, тәуелсіздіктің жастарға берген және беретін мүмкіндіктері мен жастардың беретіні туралы айтылды. Спикерлер өзінің 30 жылдық даму кезеңінде бастан өткізген сәттерін, қиындықтары мен қызықты оқиғаларын студенттерге қарапайым тілде жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.