Тарбағатайдан тағы бір «Алтын адамның» табылғаны расталды

601

Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері БАҚ өкілдеріне таныстырылуда.

Бұл — Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші «Алтын адам». Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған «Алтын адамның» еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.

«Бұл — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды» — дейді археолог.

Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен.

«Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек» — дейді ғалым.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Шығыс Қазақстанда Алтын адамның табылғаны туралы жазған болатынбыз.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.