Бүгінде облыс орталығында пәтер алу кезек тізімінде 21 286 азамат тіркеліп тұр. Мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімін ашық түрде жариялау электрондық жүйе арқылы қарау және қадағалау бойынша арнайы «ZhilFondTaraz» мобилдік қосымшаның жұмыс жасауда. Одан бөлек кезек тізімі Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйек №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфроқұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес кезек тізіміне тіркелген әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу аясында Республикалық және облыстық бюджеттік өтінім ұсыну бойынша екінші нарықтан пәтер сатып алу қарастырылған.
Аталған жоба бойынша 108 пәтер пайдалануға беріліп, кезек тізіміне тіркелген азаматтарға кезек ретіне сай бөлу жұмысы аяқталып, таратылды. Оның көпбалалы отбасыларға 13 пәтер берілді.
Жоспар бойынша 200 пәтер болғандықтан бүгінгі күнде қалған 92 пәтерді Бөлімнің теңгеріміне қабылдау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тіркеу жұмыстары аяқталған соң тұрғын үй мәселесі бойынша 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен бектілген талабына сай мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға бөлу жұмыстарын жүргізілетін болады.
2022 жылдың соңында пайдалануға берілу жоспарланған 60 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмауына орай, пайдалануға берілмеді. Алайда берілген жағдайда жыл соңына дейін 240 пәтер кезек тізіміне тіркелген азаматтарға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 669 пәтер сатып алу жоспарлануда. Онын ішінде 162 пәтер мемлекеттік бюджеттен, 507 пәтер Самрұқ-Қазына қаражаты есебінен.
Халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде «I, II топтағы мүгедектер», «Көпбалалы отбасы», «Мүгедек бала асыраушы отбасы», «Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айрылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаттарында кезекте тұрған азаматтарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 167 азамат, және мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімінде тұрған азаматтар «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында 773 азамат пәтерге қол жеткізді.
Оның ішінде;
- Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 232
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына; 303
- Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 400
- Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 5
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-9 тармағына сәйкес, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1 бабының 2 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы мәслихаты шешім қабылданып, осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мен оларды алушылардың тізбесі айқындалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге.
Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
- Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына;
- Толық емес отбасыларға;
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Бастапқы жарнасы 10% болатын, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін тұрғын үй сертификаты 2023 жылға қалалық бюджет есебінен 200 000 000 (екі жүз миллион теңге) бөлініп 198 азаматқа рәсімделді.
Атап айтқанда:
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар 62;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына 57;
Толық емес отбасыларға 61;
I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 18;
Халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясындаағымдағы жылы 117 азамат пәтерге қол жеткізді. 2024 жылға «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы мәслихаты шешімінің тізбесі негізінде белгіленген санаттарға бастапқы жарнасы 10% болатын, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін тұрғын үй сертификатына 200 000 000 (екі жүз миллион теңге) жергілікті бюджет есебінен бөлінді.