Жастар арасында үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған басты тапсырмалардың маңызы мен алғышарттарын кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Жаңа дәуірдегі жаңа реформалар» атты студент жастармен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан Естемесұлы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы туралы сөз қозғаса, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Лесбек Азамат Қайратұлы белсенді жастармен әлеуметтік мәселелерді шешудің міндеттері туралы пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
– Біздің жастар бұл жасанды интелектіден қорықпау керек. Оны батыл игере беру керек. Үйрене беру керек. Әсіресе мынау дамыған мемлекеттерде қалай ол жолға қойылған соның бәрін үйрене беру керек. Технологияларға әсіресе мынау ІТ саласындағы осы жасанды интелектіге көбірек қамтылса көбірек үйренсе, ол келешекте жақсы болады, – деді Қасымхан Төлендиев.