Тараздық шенеуніктердің жер телімдерін сатудағы алаяқтық әрекеттері анықталды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко айтты.
Оның айтуынша, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдың 31 наурызындағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №290 бұйрығының 24 тармағына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционға қойылатын жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын аукцион өткізу туралы хабарлама жасайды. Оны аукцион өткізудің жарияланған күнінен бұрын он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жариялайды.
«Дегенмен, Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің жауапты тұлғалардың хабарламаны бір ғана газетті жариялағандығы және олардың бүкіл таралымды сатып алғандығы туралы факті анықталды. Осылайша, өзге мүдделі тұлғалардың жер телімін сатып алу ақпаратынан қағып, жерді аффилирленген тұлғаларға бастапқы бағадан сәл қымбатқа сатып отырған. Оған аукционға қатысушылардың саны дәлел болады. әрбір жер учаскесіне тек екі сатып алушы ған үміткер болған», — деді ол «Атамекен» ҰКП пен Мемлекеттік қызмет істрі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында жасалған жол картасын іске асырудың аралық қорытындысына арналған кеңесте.
Олег Савеленконың сөзіне қарағанда, осындан кейін аталған жер телімдері нарықтық бағамен бастапқы құнынан 10, тіпті 20 есе қымбатқа сатылып отырған.