Таразда «Волонтер балы — 2019» кеші өтті

396

Таразда «Жібек Жолы Жастары» волонтерлар қозғалысының қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «I Облыстық волонтерлік бал — 2019″ кеші өтті. Іс –шара жастардың театрландырылған көрінісімен шымылдығын түрді. Балға 150 — ден аса белсенділер шақырылған. Тек облыс орталығы емес, шалғай жатқан елдімекендегі еріктілер де жиналған. Мақсат – алдағы уақытта жоспарлы түрде тығыз қарым – қатынаста жұмыс істеуге ықпал жасау. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысып, демеушілік қолдау көрсетті. Сондай – ақ, өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстарға зор үлесін қосқан еріктілер департамент тарапынан құрметке бөленді. Сондай – ақ, бұл кеште жыл үздіктері анықталды.»Үздік бөлімше», «Үздік аудан»,»Ең позитивті волентер «,»Үздік волентер», «Жыл волентері» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар жыл бойы еңбек еткен белсенді еріктілерге «Алғыс хат» табысталды . 2020 жыл «Волонтерлар жылы» деп жариялануының өзі еріктілерге қанат бітіріп, шабыттандырғаны анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.