Таразда телефонды түзеу мекемесіне сәлемдеменің арасына жасырып, кіргізбек болғандар анықталды

148

Заңға қайшы оқиға өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі орташа №25 мекемесінде орын алған. Жабық мекеменің ішкі тәртібін бұзған әрекет сотталған азаматтарға келген сәлем-сауқатты тексеру кезінде әшкереленген.

Бұл күні мекеменің бақылаушылық қызмет және режим сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерлі әдеттегідей қырағылық танытып, сәлемдемені сылтауратып тәртіпті бұзғандардың жолын кесті. Ал, мұндағы сотталған азаматтың біріне келген сәлем-сауқаттың ішінен «Samsung» маркалы сенсорлы ұялы телефон табылып, тәркіленген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, заңды бұзғандарды жауапқа тарту мақсатында материалдарды Тараз қаласының әкімшілік сотына жолдау шаралары қолға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.