Таразда түрмеге тыйым салынған зат лақтырған азамат ұсталды

199

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінің қызметкерлері ер адамды ұстады. Тыйым салынған заттарды түрмеге лақтыру арқылы өткізбек болған азамат бұрын сол мекемеде жазасын өтеген.

1994 жылғы Е. есімді азамат түзеу мекемесінің қоршауынан белгісіз затты лақтырып, артынша ізін суытуға әрекеттенген. Алайда, мекеме қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп күдіктіні қолға түсірді. Ұстау барысында күдікті мекеме қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, сытылып кетпек болған. Алайда ҚАЖ қызметкерлері оған жол бермей, оны полицияның қолына тапсырды.

Мекеме аумағына түскен түйіншек табылып, сот-химиялық сараптамаға жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.