Таразда спорттық киімдерге сұраныс артып келеді

80
Таразда өндірілетін спорттық киімдердің сапасы жоғары, бағасы төмен.
Екі ауысымда 70 жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын тәулігіне шамамен 50 шақты спорттық кииімдер шығаруға қауқарлы.
Жеке кәсіпкер шығаратын спорттық киімдер жергілікті базарлардың сұранысын қанағаттындырып отыр. Бағасы да тым қымбат емес, базар нарқы 4500-8500 теңгенің көлемінде. Негізгі шикізатты Қытайдан алдыратын кәсіпкер алдағы уақытта кәсібінің ауқымын кеңейтуге ниетті.
✅«Қәзіргі таңда спорттық киімдер ғана шығарып жатырмыз. Халықтан бізге сұраныс бар. Жетістіктеріміз өте көп, халықты жұмыспенде қамтып отырмыз..Жұмысты бастар алдында 5 адаммен бастаған едік, қәзір 70 жұмысшы жұмылдырылды. Біз кииімнен қалған ұсақтарды пайдаланып одан үйге киетін аяқ киімдерде шығарып жатырмыз. Мемлекет тарапынан қолдаулар болып жатыр, жұмыспен қамту орталығынан бізге адам берді соның өзі бізге үлкен көмек болды. Нарықта тігінші табу қиын сол үшін қызметкерлерді өзіміз дайындап жатырмыз»,деді жеке кәсіпкер Жанар Серікбай.
Ашылғанына 1 жыл болған шағын кәсіпорын бүгінде нарықтық бәсекеге толықтай төтеп бере алады. Өйткені, Таразда өндірілетін бұл киімдердің сапасы жақсы, бағасы төмен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.