Таразда өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

221
Өрт – қоғамға қауіп-қатер тигізетін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануынан туындайтын апат.
Немқұрайлы әрекеттің нәтижесі өрескел қателік болмақ! Өрттің алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау – басты міндет.
Шаһарда 15.09.2023 ж. – 15.10.2023 ж. аралығы өрт қауіпсіздігі айлығы ретінде жарияланды. Айлық барысында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқарма қызметкерлерімен қала аумағында орналасқан тұрғын үй секторларында, көпқабатты тұрғын үйлердегі, сонымен қатар жем-шөп сақтау орындарында өрт қауіпсіздігінің алдын алу ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Өрт жыл мезгілін талғамайтыны белгілі. Осы орайда сақтық шараларын ұстанып, қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалауларыңызды сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.