Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қаладағы қоғамдық көліктер паркін жаңарту жайында баян етті.
– Тараз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарында жыл сайын 70 қоғамдық көлік алу көзделген болатын. Өз кезегінде бұл жұмыстар, қоғамдық көліктердің тозу деңгейін төмендетуге бағытталған және тұрғындар үшін сапалы, қолайлы тасымал ұйымдастыру болды.
Жоспарға сәйкес, 2023 жылы 73 автобус, 2024 жылы 155 қоғамдық көлік алынды. Биыл жыл басынан бері 81 автобус жеткізілсе, жыл соңына дейін қосымша 10 автобус алу жоспарлануда.
Қала аумағында бүгінгі күні 45 жолаушы бағытында 8 тасымалдаушы мекеме қызмет көрсетуде. Қоғамдық көлік саны 330 бірлік автобустан 502 бірлік автобусқа дейін артты. Жолаушылар бағыттарына қосымша 13 бағыт қосылып, қазіргі уақытта 45 бағытқа жетті. Қосымша тағы 5 жаңа маршрут ашу жоспарымызда болса, бүгінде №3, 50, 62 және №37 маршруттар ашылды. Яғни, Байзақ және Жамбыл ауданынан қосылған елді мекендердің мәселесі шешімін табуда.
Сонымен қатар, даму жоспарына сәйкес жыл сайын 40 аялдамадан орнату жоспарланған болатын, алайда жоспарды асыра орындап 2023 жылы – 42, 2024 жылы – 79, ал биыл 75 аялдама орнатылды, – дейді Б.Орынбеков.