ТАРАЗДА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ

62
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 29 қазаннан бастап Тараз қаласында Қазақстан Мұғалімдер Спартакиадасы өткізілуде.
✅Білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан 800-ге жуық мұғалімдер қатысуда.
Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер, гимназиялар, жеке меншіктегі мектептер мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің мұғалімдерінен құралған командалар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, асық ату, бес асық сынды 5 спорт түрінен бақ сынасуда.
Айта кетейік, аталған спартакиада 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтетін болады.
✊Ұстаздарға сәттілік тілейміз!

 

 

Жамбыл облысының білім басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.