ТАРАЗДА ДАЙЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗУ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

229

Бұл құжаттардың ішіне 150-ге жуық мемлекеттік қызмет, атап айтқанда: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалары кіреді. Яғни, азаматтардың дайын құжаттарды алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінуі міндетті емес.

Нақтылап айтсақ, аталған құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің телефон нөміріне SMS-хабарлама келіп түседі. Одан әрі хабарламадағы сілтеме арқылы өтінімді толтырса жеткілікті. Құжаттар бір жұмыс күні ішінде иесіне жеткізіледі. Қызмет ақылы болғандықтан, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Сервисті пайдалану үшін:

  • Құжаты дайын болғанда клиент веб-парақшаға дербес сілтемесі бар SMS-хабарлама алады.
  • Сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайы туралы деректерді толтыру қажет.

Еске сала кетсек, 2021 жылы алғаш рет бұл сервис Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында іске қосылған екен.

Arainfo

Leave A Reply

Your email address will not be published.