Таразда белгілі сазгер Сәрсенбек Бәкірдің 50 жас мерейтойы тойланды

213

Елімізге танымал сазгер, ақын, Мәдениет саласының үздігі Сәрсенбек Бәкірдің 50 жас мерейтойына орай «Баласағұн» орталық концерт залының төрінде «Аузынан айдың түскен қыз» атты шығармашылық кеші өтті.

Саxна шымылдығы Жігіттер квартеттің орындауында Сәрсенбек Бәкірдің сазы мен ақын Асылхан Сапаевтың сөзіне жазылған «Таразым» әнімен ашылды. Кеш барысында сазгер туындыларының шығу тарихымен бөлісіп, тыңдармандармен  қосылып ән шырқады.

Шығармашылық кешке арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің құттықтауын жеткізді.

Сонымен бірге Сәрсенбек Бәкірдің иығына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Кеште сазгердің халық жүрегінен орын алып, ретро әндерге айналған «Соғады сен деп жүрегім», «Сезімді қайтем тулаған?», «Не пайда?», «Аузынан айдың түкен қыз» сияқты  әндерін «МузАрт» тобы, Айгүл Мақашева, Наркенже Серікбаева, Райым, Ғани мен Бота және тағы басқа әншілер орындап, көпшіліктің  зор қошеметіне ие болды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.