Таразда “Аутизмі бар балаларды қолдау” орталығы ашылады

155
Жамбыл облысының әкімі @nurzhigitov_n Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік-медициналық және қосымша білім беру мекемелерін аралады.

Алдымен аймақ басшысы «Ана мен бала» орталығына барып, жұмысымен танысты.
Бас дәрігер Динара Кәрібаева нысанды күрделі жөндеу және қосымша ғимарат салу мәселесін көтерді.
Облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі көптен бері көтеріліп келе жатқанына назар аударып, уақыт созбай бұл жұмыстарды бастау үшін тиісті тұлғаларға тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу, көпбейінді хирургия және онкология, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталықтарына да ат басын бұрды.
Сонымен қатар, «Аутизмі бар балаларды қолдау» орталығының жобасы талқыланды. Ол үшін облыстық онкологиялық орталығының ескі ғимараты күрделі жөндеуден өтпек. Жаңа орталық осы ғимараттың базасында ашылатын болады.
Жамбыл облысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.