Таразда арық жүйелері жаңғыртылуда

167
Жасыл желек жамылған Тараз қаласын абаттындыру қашанда айрықша маңызға ие.
Бүгінгі күні қаланы ағын сумен қамтушы – арық жүйелерінің тозығы жеткен. Осы орайда, жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған болатын. Осы мақсатта аталған жобаны 2023-2025 жылдарда жүзеге асыру көзделген болатын.
Өткен жылы осы бағытта бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып, шағын аудандарда 40 шақырымды құрайтын ескі лотоктарды монтаждау және демонтаждау жұмыстары жүргізілді.
Ал, биылғы жылға 8 шақырым арық жүйесін жаңартуға бюджеттен 400 млн теңге бөлінген.
Қазір тиісті шағын ауданда құрылыс жұмыстары жүруде. Нысан алдағы жылға өтпелі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.