Таразда 80 отбасы пәтерлі болды

264

Тараз қаласының 15 шағын ауданданында тағы қоныс тойы- тұрғындар жаңа көпқабатты үйден пәтер кілтіне ие болды. Бүгінгі тапсырылған 80 пәтерлі әлеуметтік тұрғын үй тұрғын үй кезегінде көп жылдан бері тұрған азаматтарға берілді. Тұрғын үй арендалық, сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Құрылысты жүргізуші мердігер «Агроспейстрой» ЖШС-гі.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда шамамен 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-ші мөлтек ауданы бой көтеруде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда.

Бүгінгі таңда алқапта 26 тұрғын үй немесе 1020 пәтер халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, өткен жылдан өтпелі 20 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Яғни 1440 пәтер иелері өз үйлеріне қоныстанады деп күтілуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.