Тараз қаласының аумағында 2022 жылғы 14-15 қарашада 15-20 м/с жылдамдықпен, кейде 23-28 м/с екпінмен дауылды жел тіркелді.
Төле би даңғылы №116 үйінің тұрғындары тарапынан ауданы 50 шаршы метр жұмсақ шатыр мен гофрленген тақтайшаның және Менделевтің 3-ші тұйық көшесінің №13 үйінің 40 шаршы метр жұмсақ шатырдың бұзылуы туралы өтініштер келіп түсті. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері қала аумағында орын алған фактілер бойынша тексеру жүргізуде.
Білім беру және денсаулық сақтау нысандарында шатырдың зақымдануы тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта «Шаңырақ» ауданындағы тарату пунктінен 920-шы трансформаторлық торапқа өтетін электр желісі желдің салдарынан істен шығып, 28 үйде электр қуаты апатты түрде ажыратылды. Сондай-ақ, 15 шағын ауданда (19 учаске) 4 көпқабатты үйдің электр қуаты апатты түрде сөндірілді. Мердігерлік мекеме үйлерді уақытша электр желісімен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, жеке үйлердің тұрғындарынан электр қуатын өшіру туралы 16 өтініш түсті. Осы мекен-жайлар бойынша электр қуатын қалпына келтіру үшін БГЭС-тің 6 апаттық бригадасы жұмыс істейді.
Бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қала бойынша 3 бригада жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Жамбыл даңғылы — Бейбітшілік көшесі, Төле би даңғылы — Махамбет батыр көшесі, Абай даңғылы-Әйтеке би көшесі, Абай даңғылы — Қазыбек би көшесі, Төле би даңғылы-Аққозиев көшесі, Төле би даңғылы — Ұлбике ақын көшесі, Төле би даңғылы — Әл-Фараби көшесі қиылысында бағдаршамдардың жұмысы қалпына келтірілді.
Ниетқалиев-Жалайыр көшелерінің қиылысында бағдаршам нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және кептелістердің пайда болуына жол бермеу мақсатында патрульдік полиция тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.
25 билборд (28 баннер), 3 пилон, 1 қоршау, 1 МАФ зақымдалды, 6х12 өлшемді Тұңғыш Президент саябағында мемлекеттік ту жыртылды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
14 қарашаға қараған түні тұрғындардан Қолбасшы Қойгелді көшесі №101, Сәтбаев-Қойгелді көшелерінің қиылысында желдің салдарынан ағаштардың құлауы туралы өтініштер келіп түсті. Осы мекен-жайлар бойынша «Жасыл Ел Тараз» ЖШС қызметкерлері ағаштарды алды. Қала бойынша 2 бригада жұмыс істеуде.
Тараз қаласының әкімдігі