«Тараз» Премьер-лигадан алыстап барады

831

Футболдан Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсетіп жүрген «Тараз» футбол клубы соңғы 4 кездесуде  сүреңсіз ойнап, турнир кестесінде 2 орыннан 4 орыннан бір-ақ сырғыды.

Аймақтың намысын қорғап жүрген бас командамыз 14 тур аясында сырт алаңда «Екібастұзбен» кездескен болатын. Ол ойында тараздықтар фоварит саналғанымен, алаң қожайындары бірінші болып есеп ашты.Ал, ойынның екінші бөлігінде «екібастұздық»  Аслан Еркен тағы бір рет көзге түсіп, дубль авторы атанды. Дегенмен, есепте артта қалған жерлестеріміз Сағадат Тұрсынбай мен Предраг Говедарицтың 74 және 85 минутта соққан голдары арқылы бір ұпайға қол жеткізді. Мұнан соң турнирдің 15 турында «Тараз» өз алаңында Көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдаған болатын. Бұл жолы да қарсыластарымыз бірінші болып есеп ашып кетті. Нәтижелі соққымен көзге түскен Никита Баженов. Бірінші таймда гол жіберіп алған тараздықтар ойынның екінші бөлігінде үсті-үстіне шабуылдап, қажетті гол соға алды. Жеңілістен құтқарған Тимур Байжанов болатын. Мұнан соң жеңісті гол соға алмай, ойын тең аяқталды. Осылайша, «Тараз» футбол клубы бұл жолы да ауадай қажет 3 ұпайға қол жеткізе алмады. Сондай-ақ, 16 турдың кезекті кездесуінде жергілікті команда турнирлік кестеде 10 орында келе жатқан теміртаулық «Шахтер – Болатпен» кездесті. Айта кетерлігі, бұл мачта да тараздықтар алғаш болып гол жіберіп алды. Әр тур сайын ұпай жоғалтып келе жатқан жерлестеріміз бұл жолы жеңіске жету үшін барын салып ойнады. Сондықтан бірінші таймдағы голдан кейін «Тараз» қолдан келгеннің барлығын жасады. Нәтижесінде Тимур Байжанов есепті теңестірсе, артынша  Сағадат Тұрсынбай гол салып, есепті еселеп кетті. Сонымен бірге, 17 турда да тараздықтар өз алаңында «Алтай» командасын қабылдап, ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Әр тур сайын ұпайдан шашау шығарып алған командамыз 2 орыннан 4 орынға түсіп, турнирлік кестедегі жағдайын нашарлатып алды.  Турнир кестесінде 39 ұпаймен «Қыран» топ бастаса, 34 ұпаймен қос команда «Алтай» мен «Оқжетпес» өзара 2 және 3 орынды бөлісіп тұр. Егер, жерлестеріміздің ойын өрнегі осылай кете берсе, Премьер лиганың маңына да жақындай алмасымыз түсінікті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.