ТАРАЗ МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ

75
Шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлының қала мәдениетіне байланысты тапсырмасына сәйкес, бүгін қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың төрағалығымен «Тараз – мәдениет мекені» атты 2024-2026 жылдарға арналған Тұжырымдаманың іске асырылу барысы жөнінде кеңес өтті.
Басқосуда әуелі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бағлан Абилдаева сөз алып, жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
– Аталған тұжырымдаманың іс-шаралар жоспары 3-тараудан, 144 тармақшадан тұрады. Оның ішінде қалалық білім бөліміне қатысты 34, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 41, тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 16, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне 16, басқа бөлімдерге 37 іс-шара бекітілді, – деген Бағлан Оңғарқызы қазіргі таңда барлық бөлім тарапынан ағымдағы жылға бекітілген іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалып жатқанын жеткізді.
Кеңесті қорытындылаған Қайрат Әбілханұлы Тұжырымда шеңберінде бекітілген жұмыстарды тағы да жандандырып, одан әрі күшейтуді жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.