Тараз қаласында биыл 110 көше жөндеуден өтеді деп жоспарлануда

109
Биыл Тараз қаласында ұзындығы 78,1 шақырымды құрайтын 39 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда сараптамадан өтуде.
Атап айтқанда, 110 көше, бұрылыс, тұйық, өткел және 5 жаяу жүргінші жолы жөнделіп, 165 көшеге шағал төселеді деп күтілуде.
Оның ішінде Ұлы дала шағын ауданында 10 жолдың құрылысы көзделуде.
Ал, ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын Рысбек батыр көшесіне (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін) сараптаманың қорытындысы алынып, қайта жаңғырту үшін республикалық бюджетке өтінім берілді.
Бүгінгі таңда сараптаманың қорытындысы алынған 18 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала көшелерін ағымдағы жөндеуге бюджеттен 400,0 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.