Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

760

Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 91 ж/қ өкімімен Сарытай Қайсар Амантайұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сарытай Қайсар Амантайұлы 1970 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1989 жылы Жамбыл химия-механикалық техникумын «Техник-механик» және 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында 4 дәрежелі слесарь-жөндеушісі болып бастаған.
1993 – 1999 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында салық инспекторы, аға инспекторы, Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, 1999 – 2001 жылдары Рысқұлов ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2002 – 2003 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, 2004 – 2005 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болған.
2006 – 2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің және 2016 – 2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшы қызметтерін атқарған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталған.
Үйленген, бір ұл және үш қыз тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.